АҚШ мұсылмандары жалған жарнамаға наразылық білдірді
АҚШ мұсылмандары жалған жарнамаға наразылық білдірді
10 жыл бұрын 2787

АҚШ-тың Вашингтон және Мэриленд қалаларында мұсылмандар исламға қарсы жарнамаларға наразылық білдірді. Мәні мен маңызы бөлек бұл шараға «Америка бостандығын қорғау бастамасы» деп аталатын ұйым мұрындық болды. Естеріңізде болса,өткен айда АҚШ-тың қоғамдық көліктерінде исламды нацизммен байланыстырған жарнама жаулап алған болатын. Аталмыш шара жалаға толы жарнамаға қарсы ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. Наразылық білдіргендер арасында тек мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі өзге тұрғындар да болды.

0 пікір
Мұрағат