Қазақстан мен АҚШ стратегиялық қатынасты дамытады
Қазақстан мен АҚШ стратегиялық қатынасты дамытады
10 жыл бұрын 2856

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев жуырда АҚШ-тың ресми және іскер тұлғаларымен кездесіп, стратегиялық әріптестікті дамыту жөнінде пікір алмасты. 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ұсыну мәселесі де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне АҚШ-тың қатысуы турасында сөз болды. Ақ үй өкілдері ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның бейбітшілікті ту еткен бастамасын жоғары бағалады.

0 пікір
Мұрағат