Ислам игілігі ИҰЫ-ның назарында
Ислам игілігі ИҰЫ-ның назарында
10 жыл бұрын 3515

Маусым айының 18-19 күндері Жидда қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы саясатпен айналысатын мекемелерінің өкілдері бас қосып, алқалы жиында мұсылман елдеріндегі, соның ішінде, Таяу Шығыстағы және Африка құрылығындағы түйткілді мәселелерді талқылайды. ИЫҰ-ның баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, бұл жиында Палестина аумағындағы келімсектердің заңсыз әрекеттері талқыға түседі. Сондай-ақ, Сириядағы, Ливиядағы, Ирактағы, Орталық Африка Республикасындағы қалыптасқан жағдай сарапқа салынып, Нигериядағы «Боко Харам» содырларының сойқанды істеріне тыйым салу жолдары қарастырылады. Мьянма, Сомали, Мали мұсылмандарының мәселесі де талқыға түсетін болады.

0 пікір
Мұрағат