Әлемнің №1 ракеткасы Палестина үшін мұсылман болды
Әлемнің №1 ракеткасы Палестина үшін мұсылман болды
10 жыл бұрын 6970

Әлемнің нөмірі бірінші ракеткасы Новак Жокович Израильдің Газаға жасап жатқан шабуылына наразылық таныту, Палестинаға қолдау көрсету үшін мұсылмандықты қабылдайтынын мәлімдеді. Босния және Герцеговина ақпарат көздерінің жазуынша, Новак Жокович Газада қаза тауып жатқан кінәсіз балаларды көре отырып дүние алпауыт мемлекеттерінің бұл терроризмге қалайша үн қата алмай отырғанына күйінеді. Жокович CNN және BBC секілді бұқаралық ақпарат құралдарын Газадағы жаппай қырғынға көбірек орын беріп, әлем көшбасшыларының ұжданын оятқызуға шақырды.

Жокович мұсылмандықты қабылдамастан бұрын отбасымен сөйлескенін және отбасының бұған оң қабақ танытқандығын айтып отыр.

Ол Ислам дініне өткен бойда Палестинаға жәрдем ететінін, сол кездің өзінде Газадағы балаларға 500 мың доллар көлемінде ақшалай көмектескенін айтты.

1 пікір
Мұрағат