Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері бекітілді
Діни қызмет саласындағы  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері бекітілді
10 жыл бұрын 4232

2014 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 137 қаулысына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласында діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы № 12-889 қаулысымен келесі мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері бекітілді:

* «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

* «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;

* «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру».

Әкімдіктің қаулысында қызмет беруші орган ретінде «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ белгіленген.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушімен келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, № 33, № 108 кабинет.

Құжаттарды қабылдау уақыты: Дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа).

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.

 

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан көрсетілетін діни қызмет саласындағы

* «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

* «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;

* «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»

мемлекеттік қызметтер регламенттерін түсіндіру мақсатында, жеке және заңды тұлғаларға (діни бірлестіктер, сауда орталықтары, қонақ үйлер, базар басшылары және кәсіпкерлерге) арналған «Ашық есік» күні өткізіледі.

Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, № 33, 1 қабат, Мәжіліс залы.

Уақыты: 2014 жылғы 6 тамыз күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, негізгі кездесу сағат 15.00-де;

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ

 

Государственные услуги оказываемые в сфере религиозной деятельности

 

В соответствии с Постановлением Правительства РК № 137 от 24 февраля 2014 года «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере религиозной деятельности», Постановлением акимата города Астаны от 29 мая 2014 года № 12-889 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности» утверждены следующие Регламенты государственных услуг:

* «Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность»;

* «Выдача решения об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения»;

* «Выдача решения о согласовании расположения помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений)».

Согласно Постановления акимата органом услугодателем определен ГУ «Управление по делам религий города Астаны».

Прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется услугодателем следующем порядке:

Адрес: город Астана, проспект Кабанбай батыра, № 33, кабинет № 108.

Время приема документов: с понедельника по пятницу включительно с 09.00 до 18.00 часов, перерыв на обед с 13.00 до 14.00 часов (кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан).

Контактные телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.

 

О Б Ъ Я В Л Е Н И Е !

Управлением по делам религий города Астаны, для физических и юридических лиц (руководителям религиозных объединений, торговых домов, гостиниц, рынков и предпринимателей), будет организован «День открытых дверей» по разъяснению порядка и правил оказания нижеследующих государственных услуг в сфере религий:

* «Проведение регистрации и перерегистрации лиц, осуществляющих миссионерскую деятельность»;

* «Выдача решения об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения»;

* «Выдача решения о согласовании расположения помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений)».

Место проведения: город Астана, проспект Кабанбай батыра, № 33, 1 этаж, Зал заседания.

Время: 6 августа 2014 года с 09.00 до 18.00 часов, основная встреча в 15.00 часов.

Контактные телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.

ГУ «Управление по делам религий г. Астаны»

0 пікір
Мұрағат