"Әлемдегі ең ұсқынсыз әйел" өз өмірі жайлы деректі фильм түсірді (видео)
"Әлемдегі ең ұсқынсыз әйел" өз өмірі жайлы деректі фильм түсірді (видео)
2 жыл бұрын 1534

Сирек кездесетін сырқатпен ауыратын американдық Лиззи Веласкес өзі жайлы деректі фильм түсірді. Бұл туралы NUR.KZ сайты korrespondent.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. People Magazine басылымының жазуынша туғаннан салмақ жетіспеушілігімен сырқаттанған Лиззи Веласкес "Батыр жүрек: Лиззи Веласкестің оқиғасы" атты фильм түсірді. "Әлемдегі ең ұсқынсыз адам" деп танылған 26 жастағы әйел өзінің бастан кешірген қиындықтары туралы фильмімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Фильмнің Техастағы көрсетіліміне сансыз көрермендер ағылған. Көрермендер арасында Лиззидің құрбылары да болған. Олар фильмнің видеосын YouTube желісіне салыпты. Дәрігерлердің айтуынша, 26 жастағы Лиззидің емдеуге келмейтін бұл сырқаты әлемде өте сирек кездеседі. Жер жүзінде ондай жандар бар-жоғы үшеу екен. Веласкес өзі сияқты ерекше адамдарға қоғамның ту сыртын беруіне қарсы науқан ұйымдастырған. Оның фильмі әйелге жанашыр жандар қайырымдылыққа берген 215 мың доллар қаражатына түсірілді. 

Лиззи Веласкес, сонымен қатар, қоғамда қиындықтарға тап болғандарға арналған 3 психологиялық кітаптың авторы. Бұған дейін Лиззидің одан ары азып кетпесі үшін әр 15 минут сайын тамақтанатыны айтылған болатын.

0 пікір