Жаһан жаңалықтары: ОББ директоры исламофобтарға тойтарыс берді
Жаһан жаңалықтары: ОББ директоры исламофобтарға тойтарыс берді
2 жыл бұрын 844

Орталық Барлау Басқармасының директоры Джон Бреннан Fox News телеарнасының эфирінде Ақ үй қожайыны Барак Обамадан үлгі алып, «радикалды ислам» деген тіркесті ауызына алған жоқ. Бұл жайында Washington Times ақпарат көзі хабар таратты. Күллі әлемді шулатқан ИСИМ таақырыбына қатысты пікірін білдіргенде оны дінге телудің арты қателікке апарып ұрындарытынын сөз етті. «Бұл зорлық-зомбылық идеологиясы. Бұл діни идееология емес. Олар өздерін мұсылманбыз дегенімен әлем мұсылмандаары оларды қатаң айыптап отыр. Сол себепті, біз олардың іс-әрекетінің астарынан діни себепті іздемеуіміз керек»,- деп мәлімдеді. Сөз реті келгенде айта кетейік, ОББ-ныың жетекшісі Джон Бреннан туралы исламды жасырын қабылдаған деген қауесет тараған болатын кезінде. Яғни, өткен ғасырдың 90-шы жылдары Сауд арабиясында жұмыс істеп жүрген кезінде. 

 

Израилдіктер әншіге неге шүйлікті?

Израил билігі «Еуробайқауға» (“Евровидения») Венгрия атынан қатысып, өнер көрсететін әншіге шүйлікті. Блокадада қалып қойған Газа секторындағы Израил басқыншылығынан көктей солған балалар жайында ән шырқайтыны үшін. Бұл жайында i24 News ақпарат көзі хабар таратты. Чемер (Богги) есімді тегі болгар әншісі төрткіл дүние демін ішіне алып көз тігетін аталмыш өнер бәйгесінде шырқайтын Wars For Nothing әніне палестиналықтардың Израаил тарапынан көріп отырған зорлық-змбылығы мен қуғын-сүргіні, соның ішінде, израилдік жендеттердің қолынан опат болған жеткіншектердің тағдыр-талайы арқау болған. Мәтінінде Израил сөзі айтылмаса да, мазмұны Израилдің өктем әрі озбыр саясатын айыптауға құрылған бұл ән израилдіктердің шамынаа тиюде. Будапеш қаласындағы Израил елшісі Айлан Мор сахнада қандай да бір саяси астары бар ән айталмауы керектігін шарт етіп қоятын аталмыш байқаудың ережесін алға тартып, осынау әнді тізімінен алып тастауды талап етіп отыр. Вегнгерлер билігі елшінің талабын орындайтынын айтып, уәде беріп отыр. Естеріңізге сала кетейік, «Еуробайқау» үстіміздегі жылдың мамыр айында Австрия астанасы – Вена қаласында өтеді.

 

Мысыр, Судан және Эфиопия Нілдің суын бөлісті

Мысыр, Эфиопия және Судан басшылары әлемдегі ең ірі әрі санаулы өзен бассейндерінің біріне жататын Нілдің су ресурсына иелік ету құқығына қатысты мәселелерді реттеуге арналған келісімге қолдарын қойды. Сондай-ақ, аталмыш келісім Эфиопияға «Жаңғыру бөгеті» деп аталатын гидротехникалық құрылғы жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді. Осы құжатқа қол қою рәсімінен кейін сөз алған үш елдің басшылары Ніл өзенінің суын бөлісуде ортақы келісімге келгендерін тағы бір мәрте мәлімдеді. Мысыр басшысы Әбдіфаттаһ ас-Сиси Нілдің суын 2050 жылға қарай 150 млн адамға жетіп жығылатын Мысыр халқының ұлттық байлығы ретінде қарастыратынын қадап айтты.

 

Йемен билігі Парсы шығанағы елдерінен әскер кіргізуді сұрады

Йемен сыртқы істер министрі Рияд Ясин ел президенті Әбед Рабо Манссұр Хадидің Парсы шығанағы елдерінен Йемендегі жағдайды тұрақтандыру үшін көмек сұрап, әскер кіргізуін сұрағанын жеткізді. Йемен президентінің пікірінше, оңтүстіктен ішкерлей дендеп еніп келе жатқан шииттік әл-Хұси тайпасының бетін тек сүннетті ұстанатын елдердің әскері ғана қайтара алады. «Біз, сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық қауымдастықты және әлем жұртшылығын әл-Хұси тайпасы басып алған әуежайлар мен авибазаларды пайдалану мүмкін еместігін ескере отырып, Йеменннің әуе кеңістігін ұшуға тыйым салынған аймақ деп жариялауын сұраймыз»,- деді министр. Бүгінгі таңда араб елдері Йеменге тек дипломатиялық қолдау білдірумен шектеліп отыр. Халықаралық қауымдастық та нақты көмек көрсете қойған жоқ.

 

Ресей Данияны ядролық қаруымен қорқытты

Ресей Данияны ядролық ұштығы бар зымырандарымен қорқытты. Кремль "Егер Дания НАТО-ның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қосылса, біз зымырандарымызды осы елдің кемелеріне бұрып қоямыз" деп мәлімдеген. Бұл жайында nur.kz сайты «Азаттық» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ресейдің Даниядағы елшісі Михаил Ванин даниялық Jyllands-Posten газетіне берген сұхбатында: "Копенгагеннің ондай қадамы Ресейге қатер ретінде бағаланады және ол екі елдің қарым-қатынасына салқынын тигізеді" деген. Дания сыртқы істер министрі Мартин Лидегаард Ресей елшісінің бұл сөздерін "жөнсіз" деп бағап отыр. Оның айтуынша, "Мәскеу НАТО-ның зымырандардан қорғану жүйесінің өзіне бағытталмағанын, Иран сияқты елдердің шабуылына арналғанын жақсы біледі".
Дания тамыз айында "кемелерін НАТО зымыран қорғанысы жүйесінің радарларымен жабдықтайтынын" хабарлаған еді. НАТО өкілі Оана Лунгеску Ваниннің мәлімдемесі "сенімді жояды, әлемдегі тұрақтылықты нығайтуға кері әсер етеді" деді.Ресей елшісі "Кремльдің қолында зымыран қорғанысы жүйесінен өтіп кететін қарулардың бар екенін" де айтқан.

0 пікір