Әйелдердің бастамасымен ажырасу белең алып барады
Әйелдердің бастамасымен ажырасу белең алып барады
9 жыл бұрын 5696

Сауд Арабиясында әйелдердің бастамасымен шариғат талаптары бойынша ажырасу (хула – ред.) көбейіп барады. Шариғат талаптары бойынша ажырасқысы келген әйел күйеуіне мәһірін (біздіңше қалың малын – ред.) қайтарып береді әрі бұған қоса өтемақы төлейді күйеуіне бірге тұрып, сарп еткен ғұмыры үшін. Ал оны қалай есептейді? Ол жағы айтылмаған. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Сауд Арабиясының әділет министрлігінің ресми статистикасы бойынша өткен жылы әйелдердің бастамасымен бір ғана ел астанасы – Эр-Рияд қаласының өзінде 362 ажырасу оқиғасы орын алған. Ал нұрлы Мекке шаһарында бұл көрсеткіш 921-ге жеткен, қасиетті Мәдина қаласында 37, шығыс провинцияларда 197, әл-Кассимада 65, Асирада 90, Жазанда 129 ажырасу (әйелдердің бастамасы бойынша) орын алған. Жалпы алғанда әйелдердің бастамасымен 2033 неке бұзылған. Ажырасуға көбіне ер азаматтың отбасы алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуі, әйеліне зорлық-зомбылық көрсетуі себеп болатын көрінеді. Мәселен, жеті баланың анасы Мариям күйеуінен өзін талақ етуді сұраған, алайда, күйеуі оның бұл талабын орындаудан бас тартқан. Тек он екі жылдан кейін ғана сотқа жүгіну арқылы ажырасуға қол жеткізген. «Күйеуім ақшамды тартып алады әрі отбасын асырауды маған жүктеп қойды. Тіпті, менің атымнан несие алған. Оның қандай да бір талабын орындаудан бас тартсам, жұдырығын ала жүгіретін», - деді ол сотқа түсірген шағымында. Осы істі қараған сот әйелден күйеуі үшін өтемақы өндіріп алудың қаншалықты әділетті екенін қарастырып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат