Солтүстік Кореяда ұйықтап қалған министрді жазалау сәті көрсетілген видео пайда болды
Солтүстік Кореяда ұйықтап қалған министрді жазалау сәті көрсетілген видео пайда болды
2 жыл бұрын 2175

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын КХДР басшысы Ким Чен Ын сөйлеп жатқанда ұйықтап қалған генералдың өлім жазасына кесілгені турасында хабар таратқан едік. Жаза кесу сәті көрсетілген үрейлі видео әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды «tengrinews.kz» порталы «Коррупция.инфо» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Генералды сарбаздар зеңбірекпен атады.

Корея халықтық демократиялық респулбикасының қорғаныс министрі Хен Ен Чхоль Ким Чен Ынның бұйрығымен жазаға кесілді. CNN телеарнасы эфирден көрсеткен үрейлі видеосюжетті YouTube желісіне Mohamed Bashiir Hassan есімді қолданушы жүктеді.

Ескерту: видеороликті 18 жастан асқан адамдарға көруге рұқсат етілген.

Еске салайық, КХДР қорғаныс министрі Хен Ен Чхольдің көпшілік жұрттың және мемлекет басшысының қатысуымен болған жиында ұйықтап қалғаны үшін жазаға кесілетіні жайлы ақпарат 13 мамырда тараған болатын. Бұл ақпаратты бастапқыда елдегі тыңшы қызметкерлері таратып, кейін ол көптеген ақпарат құралдарында жазылып үлгерді.

1 пікір
  • Ким Чен Ының нағыз жауыз қанішердің өзі екен. Сосын, Интернет желісіне, теледидар арналарының басқада жалпыға ортақ БАҚ әлеуметтік желілеріне қызық болсын немесе өзін өзі көрсету үшін немесе жарнамалау үшін кез-келген бейнероликті немесе суретті, ақпаратты тарату, біреудің осылайша өмірін қыршын қиюға немесе бүлінуіне әкеп соғады. Осындайдан сақ болайық, ағайын.
    2 жыл бұрын