Қызтекелер мен православтар төбелесіп қалды
Қызтекелер мен православтар төбелесіп қалды
2 жыл бұрын 1094

Мәскеу мегаполисінің қақ ортасында өткен акция кезінде қызткелер мен православ белсенділері арасында қақтығыс орын алды. Бұл жайында «Вести.ru» ақпарат көзі хабар таратты. Осы тәртіпсіздікке себепкер болғаны үшін акцияны ұйымдастырушылардың бірі Николай Алексеев пен «Құдайдың қалауы» атты діни қозғалыстың жетекшісі Дмитрий Энтео тұтқындалды. Хабарға қарағанда, православ белсенділері Тверь көшесіндегі қала әкімдігінің алдында түтіндетіп жүрген Николай Алексеевті соққыға жыққан көрінеді. Осы тәртіпсіздікке байланысты Мәскеудің негізгі көшелерінің бірінен саналатын Тверь көшесін екі жағынан да жауып тастаған.

Мәскеу қаласының әкімдігі үстіміздегі жылдың 30-ы күніне белгіленген қызтекелердің шеруіне рұқсат бермеген, соған қарамастан қызтекелер акция өткізген.

0 пікір
Мұрағат