Африка құрлығында тағы бір ғарыш державасы пайда болды
Африка құрлығында тағы бір ғарыш державасы пайда болды
7 жыл бұрын 2758 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гананың тұңғыш GhanaSat-1 жасанды жер серігі орбитаға көтерілді. Бұл жайында TechCrunch ақпарат көзі хабар таратты. GhanaSat-1 жасанды жер серігін жасауға Кофоридуа қаласына жиналған ұлттың бетке ұстар ғалымдары жұмылды. Оны жасауға екі жыл кетті және 50 мың доллар жұмсалды. Аталмыш амбициялық жобаны жапондардың JAXA деп аталатын аэроғарыштық зерттеу агенттігі қаржыландырды. "Бұл спутниктің екі миссиясы бар. Оны бортына Гананың жағалауына мониторинг жүргізуге арналған камера бекітілген",- деді аталмыш жоба жетекшісі Ричард Дамоа (Richard Damoah). Falcon 9 c GhanaSat-1 және өзге де ғарыш аппараттары ағымдағы жылдың шілде айында ұшырылды. Жоба авторлары өздерінің бұл жетістігін мақтан тұтады және өзге африкалық елдерге үлгі болатынына сенеді. Айта кетейік, Африка құрлығында ғарыш державасы атанған елдер санаулы ғана, атап айтқанда, Оңтүстік Африка Республикасы, Кения және Эфиопия. Ангола биыл алғашқы спутнигін ұшыратынын жаһанға жар салып, жария етті. 

0 пікір
Мұрағат