Әйел теңсіздігі үшін ер-азаматтарды "шырылдатып" жатыр
Әйел теңсіздігі үшін ер-азаматтарды "шырылдатып" жатыр
7 жыл бұрын 4831 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралияның Мельбурн қаласындағы Handsome Her дәмханасы ер-азаматтарға бағаны көтерді. Әйелдерден жалақаны артық алатыны үшін. Осылайша, әйелдер теңсіздігімен күреспек. Нақтырақ айтқанда, аталған дәмханадан тамақтанған ер-азаматтар әйелдерге қарағанда 18 пайыз артық төлейге мәжбүр. Бұл осы елдегі ер-азаматтардың орташа жалақасы мен әйелдер жалақысының арасындағы айырмашылыққа сәйкес келеді. Мемлекеттік статистика бюросының келтірген мәліметіне қарағанда, 2015 жылы ер-азаматтар 17,25 пайызға артық табыс тапқан. Аталмыш дәмхана қожайыны Алекс О’Брайеннің айтуынша, осылайша қоғамның назарын ер-азаматтар мен әйелдер жалақысының арасындағы жер мен көктей айырмашылыққа аударғысы келген. Оның сөзіне қарағанда, өзінің бұл бастамасына тұрғындар түсіністікпен қараған, ешкім реніш наразылық білдірмеген. Ер-азаматтардан түскен артық ақша қайырымдылық қорын аударылады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2015 жылғы дерегінше, әлемдегі әйелдер жалақасы ер-азаматтарға қарағанда 23 пайызға кем. Бұл дамыған елдерге де, дамушы елдерге де тән көрсеткіш. 

0 пікір
Мұрағат