Осы ғасырдың соңына дейін климаттың өзгеруінен қанша адам өледі?
Осы ғасырдың соңына дейін климаттың өзгеруінен қанша адам өледі?
7 жыл бұрын 3574 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудан пайда болатын климаттың өзгеруіне байланысты қолайсыз ауа райынан жыл сайын үш мыңдай адам көз жұмады екен. XXI ғасырдың соңына дейін бұл көрсеткіш 150 мыңға дейін жетуі мүмкін. Яғни, жыл сайын осынша адам тек жаһандық жылынудың құрбаны болады деген сөз. Оның өзінде ауа температурасының көтерілуі екі градустан аспаса. Бұл жайында The Lancet Planetary Health мерзімді басылымы хабар таратты. Дәлірегі, бір топ ғалымның зерттеу нәтижесіне байланысты жасаған тұжырымы осындай. Мамандар 1981-2010 жылдар аралығындағы 30 жылдық кезеңнің климаттық мәліметтерін салғастырып, сараптап көрген екен. Нақтырақ айтқанда, миграциялық процесті, аптап ыстықтың қайталану жиілігін, құрғақшылық, орман өрті, сел-тасқын, дауыл, боран, т.б. табиғи апаттарды ескерген. Ғалымдардың тұжырымы бойынша ауа температурасы екі градусқа көтерілер болса, аптап ыстықтан өлетіндер қарасы 5400 пайызға, жағалауды су басып қалудан өлетіндер саны 3780 пайызға, орман өртінен өлетіндер саны 138 пайызға, дүлей дауылдан өлетіндер саны 20 пайызға артады. 

0 пікір
Мұрағат