Ассаламуалейкум! Магазиннен арақ алған бауырыңның қарызын төлеп берген дұрыс па? Арақтың қарызын төлеп берген дұрыс па? Айбын.
Туысының алған арағының қарызын төлеп берген дұрыс па?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Арақтың қарызын өтеуге болады, бірақ «мәкруһ» (алайда шараптың қарызын өтемейді). Өйткені, Әбу Ханифаның (рахимаһуллаһ) «шараптан өзге арақ секілді ішімдікті қиратқан кісіге құнын төлеу міндет болады» деген пәтуасы жеткен. Сондықтан да, арақтың қарызын да өтеу міндет деуге болады. Алайда, Оның қос шәкірті кейіннен ұстазына кереғар байлам жасайды: Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед «ішімдікті қиратқан жағдайда орнына қоймайды» дейді1. Қорыта айтқанда, ең абзалырағы - ақшаны туысыңызға жәрдем ретінде беріп, қарыздарын төлеуді өзіне қалдырғаныңыз абзалырақ болар. Не болмаса, туысыңыздың арақ алған қарызының сомасын сатушыға садақа ниетімен беріп құтылсаңыз да болады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Уәлхамдулилләһи Раббиль ъаләмин!
Абдусамат Қасым
1Имам Сарахси: «әл-Мәбсут». Китабуль әшриба (ішімдіктер тарауы).