Теңгені долларға ауыстырып, доллар қымбаттағанда оны қайта теңгеге ауыстырса бола ма? Арадағы туындаған артық ақша өсім емес пе?
Теңгені долларға ауыстырып, доллар қымбаттағанда оны қайта теңгеге ауыстырса бола ма? Арадағы туындаған артық ақша өсім емес пе?
3 жыл бұрын 5344

Әссәләмуғалейкум! Теңгені долларға ауыстырып доллар қымбаттағанда теңгеге ауыстырып пайда табу дұрыс па? Медеу.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Теңгені долларға ауыстырып, доллар қымбаттағанда оны қайта теңгеге айырбастаудың ағаттығы жоқ. Доллар қымбаттағаны себепті теңгеде туындаған артық сома өсім емес.

Осы тұрғыда, мына мәселені де мәлімет ретінде айта кетудің артықшылығы жоқ. Көпшілік дін ғалымдары «екі бөлек валютаны айырбас жасайтын кезде араға уақыт салмай «мә саған, мә маған» принципі негізінде қолма-қол жүзеге асқаны жөн» деп есептейді, ал, мысалы, теңгені қазыр төлеп, долларды ертеңіне алатын болса, ол «несие өсімін» тудырады деп санайды[1]. Қазіргі таңда валюта айырбастау операциясы онсыз да "мә саған, мә маған" қағидаты негізінде жүзеге асатындыға мәлім.


[1] Әйтсе де, Имам Мұхаммедтің (рахимаһуллаһ) ережесін негізге алған қазіргі кейбір дін ғалымдары «екі бөлек валютаны айырбас жасау кезінде араға уақыт салудың күнәсі жоқ, бастысы екеуінің бірі алдын-ала берілген болуы шарт» деп тұжырымдайды.

Абдусамат Қасым