Құран оқып немесе нәфіл намаз оқып, сауабын тірі адамға хадия қылуға болады ма, мысалы ата анаға,ұстазға деген сияқты? Өлі адамға емес, тірі адамға.
|
Құлшылықтың сауабын тірі адамға бағыштауға бола ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы, Исламда жасаған құлшылықтарының сауабын тірі адамға да бағыштаса болады, сауабы сізден кемітілмейді. Бағыштайтын кісі Алла Тағалаға алақан жайып: «Уа, Аллаһым, осы құлшылығымның сауабын пәленше ұлы пәленше адамға бағыштадым (немесе сыйладым), сауабын жеткере гөр» деп айтса болады.
Бірақ осы орайда айта кететін маңызды нәрсе бар: құлшылықтың сауабын тіріге бағыштау дегеніміз - бағышталған адамның құлшылық ету міндетінің орнын басады деп түсініп қалмауымыз керек. Бағышталған сауап жазылғанымен, оны намаз оқу, не, ораза ұстау міндетінен босатпайды.