Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?
Кеше 375

Ассаляму алейкум! Жаңа жылдық жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?

Бисмилләһир рахманир рахим. Салауатуллаһи алейһи уә сәллим.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Діндар мұсылман үшін сауда орталықтарындағы жаңа жыл қарсаңындағы жасалатын жеңілдіктерді пайдаланудың шариғи тұрғыда еш әбестігі жоқ. Мубах амал. Оны харам деу ешқандай шариғи ереже-қағидаттарға сыймайды. Ол тұрмақ, жаңа жылға орай берілген сыйлықты қабыл алудың өзі дінге теріс емес, өйткені сахабалар өзге дін өкілдерінің мейрамдары кезінде ұсынылған халал сыйлықтарын қабыл алатын. Діні бөтендердің мейрамдары қарсаңында жасалатын жеңілдіктерді (скидка) пайдалану да солай. Мұның солай екендігі қазіргі дін ғалымдары тарапынан да мақұлданған. Бастысы сатып алатын заты шариғатта адал зат болуы шарт.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи раббиль аләмин!

 

Абдусамат Қасым