Ассалаумағалейкум! Егерде халал ақша күмәнді ақша бар картаға лақтырылса, сол халал ақшаны қолма қол алғанда екеуі араласа алады ма, араласса қолдануға бола ма? Серік.
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
|

Бисмилләһир рахманир рахим уассуләту уәссәләму аля Расулиһиль кәрим.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи мәзхабы бойынша, халал ақша мен харам ақша араласса, халал ақшасының көлеміндейін ғана қолдануға болады. Сондықтан да, карточкаңыздағы халал ақшаның мөлшерін білсеңіз, сол мөлшер шеңберінде картаңызды қолдана аласыз. Мысалы, төлем картаңызда адал табыстан табылған жүз мың теңгеңіз бар делік, кейін оған депозиттен елу мың үстеме ақша түсті делік. Сіз картаңыздағы жүз мың теңгені ғана қолдана аласыз, қалған елу мың өсімнен түскен ақшаны қайырымдылыққа бересіз немесе дін қызметіне жұмсайсыз.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Сүннет намаздарында да «сәһу сәждесі» жасалу керек пе?

■
Намаз оқып тұрып жөтелсе, намаз бұзыла ма?

■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сауал

■
Түсімде қайтыс болған қайын атамды шомылдырып жатыр екенмін, ол нені білдіреді?

■
Қажылыққа бармаған бақуатты мұсылман, әуелі басқа біреуді жібере ала ма, әлде бірінші өзі баруы керек пе?