Дінде «сақтандыру компанияларында» жұмыс істеу күнә ма?
Дінде «сақтандыру компанияларында» жұмыс істеу күнә ма?
3 ай бұрын 1294

«Сақтандыру компанияларында» жұмыс істеу күнә ма? 

Бисмилләһир рахманир рахим

Сақтандыру компанияларының жүйесі «ғарарға» (ықтималдылыққа) сүйенетіндіктен, Исламда харам болып есептеледі. Бұл жайында Халықаралық Фиқһ кеңесінің қабылдаған қаулысында былай делінген:

«Сақтандыру компаниялары қолданатын тұрақты жарнаға (құн төлеміне) негізделген коммерциялық сақтандыру келісімі «үлкен ғарарға» негізделген, ол болса  - келісімшарттың дұрыс болуына кедергі келтіреді, сондықтан ол (сақтандыру) шариғи тұрғыда харам болып есептеледі».1

Сондықтан да, шариғатта дін мамандарының көзқарасы бойынша, қазіргі таңдағы Ислами емес сақтандыру компанияларында жұмыс істеуге болмайды, себебі ондай компания – өсімді, ғарарды (ықтималдылық) қамтиды. Тек өзге жұмыс табылмай қиналғанда уақытша істей тұрса болады дейтін ғалымдар да жоқ емес. Өйткені, Алла Тағала былай деген: «Мәжбүр болған болсаңдар ол басқа»2. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

1Халықаралық Фиқһ Кеңесі, 1985 жыл, 22-28 желтоқасын. Жидда қаласы.
2«Әнъам» сүресі, 119 аят.

Абдусамат Қасым