Дінде музыкалық аспаптарды сатуға бола ма?
Дінде музыкалық аспаптарды сатуға бола ма?
13 сағат бұрын 177 Фото: pharmacy.kaznmu.edu.kz

Ассаламуғалейкум! Музыка ойнайтын құралдарды сатуға бола ма (Проигрыватель пластинок / граммафон)...? Мұстафа. (Сұрақ қысқартылып алынды).

Бисмилләһир рахманир рахим, уассаләту уәссәләму аля Мұхаммәдин уә аля әлиһи уә сахбиһи әжмәъин. Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Дін ғалымдарынан музыкалық аспаптарды сатуға қатысты екі түрлі тұжырым жеткен. Бірсыпыра дін ғалымдары музыкалық аспаптарды сатуға болмайды десе, бірсыпырасы - музыкалық аспапты да пайдаға асыруға болатындығын назарға алып «сатуға болады» деген пәтуа айтқан. Сатуға болады деушілердің арасында ұлы ғалым Имам Ағзам Әбу Ханифа бар (Алла оны рахымына бөлесін). Бұған қатысты Имам Кәсәни (р.а.) өзінің ауқымды кітабында былай дейді:

«Әбу Ханифаның тоқтамында барбет (қос ішекті домбыра тәрізді аспап), барабан, сыбызғы, дағыра т.б. сол сияқты ойын-сауық аспаптарын сатуға болады, бірақ мәкруһ болады. Алайда Әбу Юсуф пен Мұхаммед бойынша, музыкалық аспаптарды сатқан жағдайда, сауда келісімі жүзеге аспайды»1.


1Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу». Сауда тарауы. Сатылатын заттың шартары.

Абдусамат Қасым