Дінде банк акциясын сатып алуға рұқсат етілген бе?
Дінде банк акциясын сатып алуға рұқсат етілген бе?
2 ай бұрын 1535

Әссәләму алейкум! Банктің акциясын алуға бола ма?

Бисмилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Ислами емес банктердің акцияларын сатып алуға және сатуға дінде рұқсат жоқ, өйткені дәстүрлі банктердің негізгі табыс көздері «өсім» (риба) болғандықтан, акцияларын сатып алып, үлескер болу харам, күнә іс. Одан бөлек, Ислами банктердің акцияларын сатып алуға болады. Сондай-ақ, негізгі табыс көзі адал болып табылатын компаниялардың да акциялары адал. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!1


«Акция» жөнінде толығырақ мына жазбаны оқи аласыз: Доктор Юсуф әл-Қардауи: «Акция сатып алудың діндегі үкімі»

Абдусамат Қасым