Зинетақы қорындағы (ЕНПФ) жиналған ақшамнан зекет беріле ме?
Зинетақы қорындағы (ЕНПФ) жиналған ақшамнан зекет беріле ме?
7 жыл бұрын 4666

Әссәләмуғалейкум! «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында» (ЕНПФ) жиналған ақшасы зекетке жата ма? Азиз

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Зекет беру парыз болуы үшін бірнеше талап-шарттар қарастырылады. Соның бірі: «қол жетімділік». Бұл ескі фиқһ кітаптарында «әл-Мүлкут Тәмм» немесе «әл-Мүлкүл Мутлақ» деп келеді. Осыған орай, жоғалған немесе теңізге батып кеткен яки өкімет тарапынан тәркіленген т.б. осы сияқты меншіктік құқы сақталғанымен еркін түрде пайдалануға күші жетпейтін: қол жетімсіз дүниесінен зекет беру парыз емес. Мұндай мал-дүниені шариғатта «әл-Мәлуд Димар» дейді[1].  

Бүгінгі таңда зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алуға заң бойынша тыйым салынған. Тек, бірінші-екінші топтағы мүгедектерге (егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе), зейнет жасына жеткендерге (екі жағдайда әдеттегідей бөліп төленеді) және азаматтығын ауыстырғандарға рұқсат (толықтай беріледі)

Демек, сіз зейнетақыңыздың иесі атанғанымен ол сіз үшін қол жетімсіз дүние. Сондықтан да, сіздің зейнетақы қорыңызда жинақталған ақшаңыз «нисаб» мөлшеріне жетіп тұрса да одан зекет беру парыз емес[2]. 


[1] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 2\390 бет. 
[2] Проф.Доктор У.Зуһайли: Қазаяль Фиқһ – 135 бет. 

Абдусамат Қасым