Зекет ақшасын туған әпке-қарындастарыма және аға-інілеріме берсем бола ма?
Зекет ақшасын туған әпке-қарындастарыма және аға-інілеріме берсем бола ма?
5 жыл бұрын 4921

Әссәләмуалейкум! Зекетті өзімнің туған әпкеме, ағама берсем бола ма? Толық дәлел-дәйектермен түсіндіріп берсеңіз!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Зекет ақшасын өзінің ата-анасына, балаларына бере алмайды. Өйткені, оларға беруі өзіне қайта алумен тең. Ал, одан өзге, бірге туған әпке-қарындастарына, аға-інілеріне бере алады. Тіпті, өзгеге бергеннен гөрі  кедей, ақшаға мұқтаж бауырына берген екі есе сауапты делінген. Сондай-ақ, егер бауырлары зекет ақшасын ала алатындай кедейлер санатынан саналса, ең алдымен зекетін солардан бастап беру керек делінеді кітаптарда.  

Бұған байланысты Ханафи кітаптарында былай делінген:

«"Араларында ұрпақтық байланыс болғандарға зекетін бермейді" деп шектеу қойып отыр. Онысы өзге жақындарына зекетті бере алатындығын білдіру үшін. Мысалы, кедей аға-інілері, немере аға-інілері, нағашылары сияқты. Тіпті, оларға беру (бөтенге бергеннен) артығырақ. Өйткені, онда зекеттің сауабы бар, әрі туыстық байланыс сауабы бар. Заһирияда айтылған: «Зекетті ең әуелі туыстарынан бастап береді» [1].


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр. 3/293 бет.

Абдусамат Қасым