Әссәләму алейкум! Тауардан зекет берерде, бір жыл толғанда қолда бар тауарды есептеп, зекетін бөліп берсе болады ма, яғни, жартысын осы айда, жартысын келесі айда деген сияқты?
|
Зекет ақшасын екі айға бөліп берсе бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим. Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ең абзалы, "нисаб" мөлшеріне жеткен дүниесіне бір жыл толғаннан соң зекетін кешіктірмей бергені. Зекет - кедейдің ақысы. Сондықтан да, кешіктірмеген абзал. Әйтсе де, сол жыл ішінде бірнеше айға бөліп берсе де зекеті саналады. Осы тұрғыда бір зекет ақшасын бірнеше кедейге бөліп берсе де қате емес, бір тұрмысы төмен отбасыға берсе де болады. Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Біреудің қастандығынан қорғану үшін қандай дұға оқыса болады?
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?