Зекет ақшасын екі айға бөліп берсе бола ма?
Зекет ақшасын екі айға бөліп берсе бола ма?
15 сағат бұрын 251

Әссәләму алейкум! Тауардан зекет берерде, бір жыл толғанда қолда бар тауарды есептеп, зекетін бөліп берсе болады ма, яғни, жартысын осы айда, жартысын келесі айда деген сияқты?

Бисмилләһир рахманир рахим. Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ең абзалы, "нисаб" мөлшеріне жеткен дүниесіне бір жыл толғаннан соң зекетін кешіктірмей бергені. Зекет - кедейдің ақысы. Сондықтан да, кешіктірмеген абзал. Әйтсе де, сол жыл ішінде бірнеше айға бөліп берсе де зекеті саналады. Осы тұрғыда бір зекет ақшасын бірнеше кедейге бөліп берсе де қате емес, бір тұрмысы төмен отбасыға берсе де болады. Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым