Ақшаның зекетін 1 жыл күтпей, нисабқа жеткен күні бере берсе бола ма?
Ақшаның зекетін 1 жыл күтпей, нисабқа жеткен күні бере берсе бола ма?
3 жыл бұрын 2748

Зекетті 1 жылға толмай ақша жиналса зекетін беру керек пе?  Ғани.

Алдымен мынаны айта кеткенні пайдасы бар. Ақшаның және сауда тауарларының зекетін беру парыз болуы үшін, жиналған артық ақша (және сауда тауарларының құны):

  • Нисаб мөлшеріне жету керек,
  • Және нисабқа жеткен күннен бастап, арадан бір жыл өтуі керек,
  • Әрі жыл соңында зекет ақшасының мөлшері нисабтан кемімеуі керек.

Мәселен,  артық ақшасы осы айдың қыркүйеуі айының бірінде «нисаб мөлшеріне» жеткен болса, келесі жылғы қыркүйеу айының бірінде, егер нисаб мөлшерінен кемімесе, зекетін беруі парыз болады. Оған дейін нисапқа жетіп тұрса да парыз емес. Және де,  сол соңында жыл бойығы қосымша кіріс ақшалар түсіп жатса, оларды да негізгі нисапқа қосып есептейді. 

(*Нисаб мөлшері - зекет беру парыздығын тудырар мөлшер. Ақшаның нисаб мөлшері -  ең кемі 85-90 грамм алтын немесе 595 грамм күміс. Сауда тауарларының нисабы да осы). 

Енді нисабқа жеткен ақшаның зекетін бір жыл толмай бере берсе бола ма? дегенге жауап берелік.

«Нисаб» мөлшеріне жеткен ақшаның зекетін, бір жыл күтпей ертерек бере берсе болады. Бірақ сол жыл соңында егер қосымша кіріс болса, ол кірістің де зекетін бөлек есептеп беру керек. Неге десеңіз, зекетін бір жылдан кейін берген кісі сол бір жыл ішінде қосылған артық ақшаларды да зекетке есептеп берер еді. Ал зекетін ерте бергендіктен жыл соңында қосымша кірістің зекетін бермей қалады деген сөз. Сол себепті, зекетін жылға толтырмай ерте берген кісі, бір жылдан кейін егер қосымша жиналған артық ақшасы пайда болса, олардың да 2,5 пайызын зекет ретінде беруі керек болады.

«Нисаб мөлшері» деп, зекетін беру парыз болу үшін қажетті байлық мөлшерін айтамыз, нисаб мөлшерге жетпеген дүниеден зекет берілмейді. Алтынның нисаб мөлшері - 85 грамм. Күмістің нисаб мөлшері – 595 грамм. Ақша немесе сауда тауарларының нисаб мөлшерін анықтайтын кезде, алтын немесе күмістің нисабы негізге алынады.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым