Ассалаумағалейкум! Тәһәжжүд намазын оқу үшін ұйықтау шарт па? Ғарип.
|
Тәһәжжүд намазын оқу үшін ұйықтау шарт па?
|
Уағалейкумуссалам! «Тәһәжжүд» сөзінің бір мағынасы – қысқа ұйқыдан кейін ояну дегенді білдіреді. Демек, түннің бір уағында ұйқыдан оянып оқыған абзал. Деректерде келген бір риуаят бойынша Хажжәж ибн Омар деген сахаба былай дейді: «Түннің барлығын ояу өткізсе, тәһәжжүд оқыған болып саналады деп ойлайсыңдар ма?! Шынында тәһәжжүд – қысқа ұйқыдан кейінгі намаз, қысқа ұйқыдан кейінгі намаз, қысқа ұйқыдан кейінгі намаз!»[1].
Сондай-ақ, Исра сүресіндегі тәһәжжүд намазы жайында айтылған аятты да тәпсіршілер «ұйқыдан кейін түннің бір уағында оқылатын намаз» деп түсіндірме берген[2].
Демек, аталмыш нәпіл намазын оқығысы келген кісі әуелі ұйықтап, кейін түннің бір уағында (таң намазы кіргенге дейінгі уақыт ішінде) оянып тәһәжжүд оқиды.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?