Құрбанға шалынған малдың терісін сатуға бола ма?
Құрбанға шалынған малдың терісін сатуға бола ма?
11 жыл бұрын 3330

 

Құрбанға шалынған малдың терісін садақа етіп берген абзал. Өңдеп үй қажеттілігіне де қолданса болады. Себебі, етін жеуге рұқсат етілген малдың, терісін қолдануға да рұқсат болуы заңды. Оның үстіне  Айша анамыз құрбанға шалынған малдың терісінен мүтара[1] (сиқа-سِقاء)жасап қолданатыны деректерде келген[2].

Бірақ, оны (құрбан терісін) ақшаға сату – мәкрүһ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кім құрбанынын терісін сатса, шалған құрбаны жоққа есеп»,[3] – деп теріні сатпауды баса айтуда. Дегенмен, түскен ақшаны садақа ету мақсатында теріні сатуына болады[4].

[1] теріден жасалған су құятын ыдыс
[2] Бадаиғ – 6/332 бет.
[3] Мустадрак: «тафсиру суратиль хаж»– 3520 хадис. (Сахих)
[4] Бахрур Раиқ – 8/327 бет.

Абдусамат Қасым