Ассәләму аләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу!
Оразада сәресі уақытынан кейін үйге келсем, үйде адыраспан түтетіп қойыпты. Сол адыраспанның иісін амалсыздан иіскеп қойдым, дем алмауға тырыссам да мүмкін болмады. Осы жағдай оразаға зиян тигізе ме?
|
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
|
Ассәләму аләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһу!
Оразада сәресі уақытынан кейін үйге келсем, үйде адыраспан түтетіп қойыпты. Сол адыраспанның иісін амалсыздан иіскеп қойдым, дем алмауға тырыссам да мүмкін болмады. Осы жағдай оразаға зиян тигізе ме?
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Адыраспанды тұтатқаннан кейінгі қалған иістің оразаға зияны жоқ. Ал егер дәл түтін болып тұрған кезде оны әдейі жұтса, ораза бұзылады делінеді. Бұл жағдайда бір күн қаза өтеу керек болады, әрі сол күнді толық ұстайды. Сіздің жағдайда тек иісі ғана сезіліп, түтіні болмағандықтан, оразаға ешқандай зияны жоқ.