«Спираль» салдыру оразаны бұза ма?
«Спираль» салдыру оразаны бұза ма?
2 сағат бұрын 100

Сәлеметсіз бе! Ораза кезде спираль салуға бола ма?

Сәлеметсіз бе!

Құрметті сауал жолдаушы! Ауыз берік кезде келесі жолдардан ішке «түбегейлі еніп, орныққан» заттар оразаны бұзады:

  • Ауыз (жұтылса).
  • Мұрын (мұрын арқылы тамаққа кетсе).
  • Құлақ. (құлаққа су кетсе бұзбайды делінген).
  • Қынап.
  • Тік ішек (артқы қуыс).

Осы жолдар арқылы әлдебір зат толықтай енсе, оразаны бұзады делінген Ханафи кітаптарында. Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, спираль да қынап арқылы толық еніп, іште орнығатындықтан оразаны бұзады деуге негіз бар, Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтеу керек болады. Ал ауызашқаннан кейін салдыру оразаны бұзбайды. Ең дұрысы Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым