"Спермограмма" тапсырса, ораза бұзыла ма?
"Спермограмма" тапсырса, ораза бұзыла ма?
4 жыл бұрын 10484

Ассаламуалейкум! Рамазан айында «спермограмма» тапсырса ораза бұзыла ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Ұрықтың» анализі деген мағынаны білдіретін «спермограмма» – адамдағы бедеулікті т.б. жыныс ауруларының себептерін анықтау үшін қолданылатын медициналық тәсіл.

Ендігі жерде, Рамазан айында аузы берік адам «Спермограмма» тапсыратын болса, оразасы бұзыла ма?

Спермограмма тапсыратын кезде шәует (сперма) «мастурбация» арқылы шығарылады. Фиқһ кітаптарында аузы ораза адамның «мастурбация» жасауы оразаны бұзады делінген[1]. Сондықтан да, денсаулығы себепті спермограмма тапсырған кісі Рамазан айынан кейін бір күн қазасын өтеуі керек. Кәффәрат қажет емес. Бірақ, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстайды.


[1] Әлгіндей әрекетті шариғатта «истимна» дейді. Истимнаның оразаны бұзатыны жайында Ханафи ғалымдар былай деген: «Қолымен истимна жасап, шәует ақса, ол оразаны бұзады». Ибн Ғабидин: «Раддуль Мұхтәр», 6/271-272, 290 беттер;  Аләуддин әс-Сәмарқанди: «Түхфәтуль Фуқаһа» - 1/358.

Абдусамат Қасым