Ректальды свеча салу оразаны бұза ма?
Ректальды свеча салу оразаны бұза ма?
2 ай бұрын 2237

Сәлеметсіз бе! Ораза айы құтты болсын! Ораза ұстап жүріп, геморойға қарсы свечалар қолданса, оразаны бұза ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Ректалды свеча салу оразаны бұзады, себебі ереже бойынша ауыз берік кезде табиғи жолдардың бірінен қандай да бір зат түбегейлі ішке енсе, ораза бұзылады. Табиғи жол деп: ауыз, мұрын, құлақ, анус (артқы тесік, тік ішек) және қынапты айтады. Анус арқылы салынған свеча ішке енетіндіктен оразаны бұзады, бір күн қазасын өтеу керек, кәффарат қажет емес. Бірақ, сәресі уақтында немесе ауыз ашардан кейін салсаңыз, оразаға зияны жоқ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым