«Рамазанда тозақ есіктері жабылатын болса, күнә істеп жүрген біреу Рамазан айында қайтыс болса, жұмаққа кіре ме?»
«Рамазанда тозақ есіктері жабылатын болса, күнә істеп жүрген біреу Рамазан айында қайтыс болса, жұмаққа кіре ме?»
2 жыл бұрын 9110

Рамазан айы Алланың кешірімі еселенетін ай деп жатады. «Тозақтың есіктері жабылады» дейді. Күнә жасап жүріп осы айда қайтыс болып кетсе, пейішке кіре ме?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Алла елшісінің (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «Рамазан айы келгенде жұмақтың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады және шайтандар кісенделеді» - деген хадисі бары рас[1]. Дейтұрғанмен, намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын немесе арақ ішетін күнәкар пенде Рамазан айында қайтыс болса, күнәсі кешіріліп пейішке кіре ме, дегенге нақты жауап айту қиын, өйткені бұл нәрсе Алла Тағалаға ғана мәлім дүние және Оның қалауындағы іс. Бірақ жалпылама риуаяттарға қарай отырып: «жүрегінде иманы бар әрі кісі ақысын жемеген, ешкімге қиянат жасамаған кісінің күнәларын Рамазан айының құрметіне кешіріп, пейішке кіргізуі мүмкін» деп болжауға болады. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Имам Суюти: “әдДибәж аля сахихи Мүслим ибниль Хажжәж». (14) 2547.

Абдусамат Қасым