Ассаламуғалейкум! Қаза болған оразаны өтеп жүріп, ұйықтап қалған жағдайда ниет етіп, ұстай беруге бола ма? Ереке.
|
Қаза ораза өтейтін кісі сәресіге ұйықтап қалса, не істейді?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қаза оразаға ниет ету – күн батқаннан бастап, ең кеш сәрәсі уақытында жасалу керек.
Сондықтан да, егер түнде жатарда «ертең қаза ораза ұстаймын» деп, іштей ниет етіп жатқан болсаңыз, сәресіге ұйықтап қалсаңыз да, еш нәр татпай сол күнгі қаза оразаны ұстап кете бересіз. Ал, ондай ниет болмаған болса, сәресіге ұйықтап қалған жағдайда қаза оразаны ұстамайсыз.
Алла қабыл етсін!
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?