Оразада құм-топырақ түсірген кезде тамаққа шаң-тозаң кетіп жатады, ол оразаны бұза ма?
Оразада құм-топырақ түсірген кезде тамаққа шаң-тозаң кетіп жатады, ол оразаны бұза ма?
8 күн бұрын 1545

Мынадай сұрақ болып тұр. Ауылда вагоннан щебень,көмір түсіретін балдар бар.Өзімде кезінде істегем ол жерде. Сонда шаң деген қанша қымтанып орансақта мұрнымыздын ішіне кіріп тамақтан бір ақ шығатын. Егер осы жағдайда ауыз берік болса ораза бұзылама?Әлде кешірім барма? Алтынбек.

Бисмилләһир рахманир рахим

Шариғат кітаптарында «түтін, шаң-тозаң, шыбын-шіркей кірсе оразаны бұзбайды, өйткені одан сақтану мүмкін бола бермейді» делінген. Осы тұрғыда «кірсе...» деп отыр, бұдан «түтін, шыбын-шіркейді әдейі жұтса оразаны бұзады» деген үкім шығады1. Демек, құм-топырақ, цемент сияқты заттарды түсіру барысында, ауызды қымтап байлап қойғаннан соң, еріксіз тамаққа өтіп жатқан шаң-тозаңдар «сақтануы қиынға соғатындықтан» оразаны бұзбайды деуге негіз бар. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


1  Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр», 3\366 бет.

Абдусамат Қасым