«Оразада Құдай тамақты қай кезде берген жөн? Ауызашар кезінде берсе бола ма?»
«Оразада Құдай тамақты қай кезде берген жөн? Ауызашар кезінде берсе бола ма?»
2 жыл бұрын 3607

Ассалаумалейкум! Ораза кезінде мал шалып, әруақтарға Құран оқуға бола ма? Ауызашар кезінде далада күн батып кетсе де? Қысқасы, ораза кезінде қай уақытта мал шалып, Құран оқытамыз? Бекалі.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, Ораза айында Құдай тамақты ауызашар уақытында берген абзал. Өйткені, біршеті - мархұмдарға Құран оқытқан боласыз, екіншіден - ауыз аштырған сауабын да алған боласыз. Ал Ораза айында күндіз көпшілікті жиып, Құдай тамақ берген ыңғайсыз, қасиетті Рамазан айына құрметсіздік саналады. Өйткені біз - мұсылман елміз. Мұсылман елі ретінде Рамазан айы секілді қасиетті айға құрмет көрсеткеніміз - мұсылманшылығымыздан болмақ. Оның үстіне Құдайға шүкір, бүгінде ауыз бекітіп, ораза ұстаушылардың да қатары көп екендігі белгілі. Құдай тамақ беретін кісі айналасындағы ауыз бекіткен ауылдастарын да есепке алмауы жөн емес. Сондықтан да, бір-ақ шығындалып, Құдай тамақты ауызашар уақытында берген біріншіден - екі есе сауап, екіншіден - тиімді. Құранды кешкісін де оқып, бағыштай беруге болады, оның еш ағаттығы жоқ. Малды күн жарықта сойып, қамдана беруге болады. Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Абдусамат Қасым