|
Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?
|
Ораза шарттарының бірі хайыз бен нифастан таза болу. Шариғат бойынша етеккірі келген әйел ораза ұстамайды. Рамазаннан кейін сол ұстамаған күндерінің қазасын өтейді. Бұған дәлел Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Айша анамыз: «Біз сол жағдайға тап болғанда (хайыз келгенде), тұтпаған оразаны қаза етуіміз, ал намазымызды қаза етпеуіміз бұйырылды»,[1] - деді.
Оразаның күндізінде (сәресінің уақыты өтіп кеткен соң) етеккірі тоқтаған әйел сол күні ауыз бекітпейді. Ауыз бекітетін болса, ораза тұтқан болып есептелмейді. Рамазаннан кейін сол күнді де, алдыңғы тұтпаған кұндерімен қосып қазасын өтейді. Сәресіге дейін хайызы тоқтаса, оразаға ниет етіп ауызын бекітеді.[2]
Көп оқылғандар
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Мархұмның жылын өткізу үшін кредит алса бола ма, басқа амалы болмай жатыр?
■
Мархұмның атынан қажылықты өтесем, мархұмның мойнынан қажылық парызы түсе ме?
■
Балдақпен жүретін кісіге жұмаға бару парыз ба?
■
«Түсімде үнемі мас болып жүремін»: түсінде шарап ішкенін көрсе, ол ненің белгісі?