Оразада балмұздақ сатсам дұрыс бола ма?
Оразада балмұздақ сатсам дұрыс бола ма?
7 жыл бұрын 5926

Əссəлəмуғалейкум! Сіздерге Алла разы болсын! Сіздерге сұрағым бар еді. Өзім ораза ұстап, ораза кезінде балмұздақ сатсам дұрыс бола ма, болмай ма? Осыған жауап берсеңіздер? Әділхан.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Рамазан айы – ауыз бекіту айы. Бұл айда асханалардың тек ауыз ашар мен сәресі уақыттарында ғана ашылып, күндіз жабық болуы мұсылманшылық әдебінен саналған. Сондықтан да, көшеде балмұздақ сатуды кейінгі айларға қалдырғаныңыз абзал. Неге десеңіз, балмұздақты сатып алған кісі кешке ауыз ашарда жеу үшін емес, көбіне дәл сол сәтте жеу үшін алады. Күндіз ас ішуі бір шетінен күнә, екіншіден Рамазан айына деген құрметсіздік. Осындай әдепсіздіктің туындауына себепкер болмаған жөн. Құран Кәрімде: «Дұшпандық пен күнә істерде жәрдем етпеңдер» делінеді.

Алайда, бұл айтқанымыздың базардағы немесе дүкендердегі сатылатын азық-түліктерге қатысы жоқ. Себебі, азық-түліктердің күндіз сатылуында қажеттілік бар. Оларды ауыз бекіткендер де алады, ауыз бекітпегендер де алады. Ауыз бекіткендер кешке ауыз ашар әзірлеу үшін күндіз қамдануға мәжбүр. Оның үстіне, мұндайда кімнің ауыз бекітіп, кімнің бекітпегенін де біле алмайсыз.  

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!  

Абдусамат Қасым