Ассалаумағалейкум!
Ораза ұстап жүріп система алуға не ине салғызуға бола ма? Дана.
Ораза кезінде система салдыру оразаны бұза ма?
|
Уағалейкумуссалам!
Қадірменді Дана, қазіргі дін ғалымдарының тоқтамы бойынша емдік сипаттағы дәрілер мен ауруды басатын дәрілерді тамырға укол арқылы немесе система арқылы салудың оразаға зияны жоқ, мысалы, инсулин, пенициллин, валтир т.б. Ал, бірақ салынатын дәрі денеге қуат берер азық сипатында болса (мысалы, глюкоза) немесе денеге рақаттық берер сипатта болса, бұзады, ал, денеге қуат берер сипатта еместер оразаны бұзбайды деп отыр[1].
Ендеше, ем үшін салғызатын ине салу мен система алу оразаңызды бұзбайды. Алайда, әлсіреген денеге қуат берер (общеукрепляющие капельницы) сипаттағы система қабылдау аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Ондай системаны тек ауыз ашқаннан кейін ғана қабылдауға болады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?