Нәпіл оразаның қазасы өтеле ме?
Нәпіл оразаның қазасы өтеле ме?
8 жыл бұрын 11781

Әссәләмуғалейкум! Нәпіл оразаның қазасы өтелмейді ма? Хайыз келген жағдайда да өтеле ме? Осыған қатысты шағын болса да жазба ретінде жазып шығара аласыз ба, уақытыңыз болып жатса!

Уәғалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Ұстап бастаған нәпіл оразасын бір жағдайлармен (мысалы, хайыз келіп) бұзған кісі, сол күннің қазасын өтейді. Нәпіл оразаның қазасын өтеу, Ханафи мәзхабында – уәжіп[1]. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Істеріңді зая кетірмеңдер» деген[2].  

Оның үстіне хадисте де нәпіл оразаның қазасы өтелетіндігі айтылған. Бұл жайында Айша айнамыз (р.а.) былай дейді:

«Маған және Хафсаға (р.анһума) ас сыйға тартылды. Біздің аузымыз берік-тұғын. (Шыдай алмай) аузымызды ашып жібердік. Одан соң, Алла елшісі (с.а.у.) кірді.  Біз Оған: «Уә Расулаллаһ, бізге сыйлық берілген еді. Тәбетіміз тартып, аузымызды ашып жібердік», - дедік. Сонда Пайғамбар (с.а.у.): «Оқасы жоқ. Оның орнына басқа бір күн ұстайсыңдар», - деп айтты»[3].


[1] Шүрунбуләли:  Имдәд – 619 бет.
[2] Мұхаммед сүресі, 33 аят.
[3] Әбу Дәуід - №2457; Тирмизи - №735.  

Абдусамат Қасым