"Күнә істемеймін" деп Жаратушыға сөз берген адам күнә істеген жағдайда үкімі не болады?
"Күнә істемеймін" деп Жаратушыға сөз берген адам күнә істеген жағдайда үкімі не болады?
7 жыл бұрын 10676

 Сәлеметсіз бе! Егер күнә істемеймін деп жаратушыға сөз беріп, кейін күнә істеп қойсаң оның кәффәраты бола ма?

Сәлеметсіз бе! Ондай жағдайда Жаратқаннан кешірім тілеп, ант кәффәратын өтеу керек болады. Өйткені "Жаратушыға сөз беру – ант етумен тең" делінген деректерде. Қасиетті Құранда Жаратушы Иеміз: «Аллаға берген сөздеріңде тұрыңдар...» [1] - деп бұйырады. Аллаға берген сөзін орындамаған кісі, антын бұзғанмен пара-пар. 

Анттың кәффәраты: он міскінді тамақтандыру немесе киіндіру яки бір құл азат ету. Бұлардың біріне шамасы келмейтін мұсылман үш күн қатарынан ораза ұстауы тиіс.

Абдусамат Қасым


[1] Нәхл сүресі, 91 аят.