Кәффарат оразасын ұстап жүрген кісі құрбан айтқа тура келіп қалса, не істейді?
Кәффарат оразасын ұстап жүрген кісі құрбан айтқа тура келіп қалса, не істейді?
6 жыл бұрын 3725

Ассаляму алайкум! Каффарат ұстап құрбан айтқа сай келіп қалса не істейді?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрбан айттың бірінші күні және одан кейін үш күн тәшриқ күндері ораза ұстау – тыйым салынады. Сондықтан да, кәффарат оразасын өтеуші кісі осы күндері ораза ұстамай, арасын үзген жағдайда Ханафи мәзхабы бойынша және көпшілік мәзхаб ғалымдарынша қайта басынан бастап ұстауы керек.

Алайда, Ханбали мәзхабында мұндайда қайта бастамайды. Өйткені, Құрбан айт пен тәшриқ күндері ораза ұстамау – шариғи тыйым. Сондықтан, ол күндері кәффарат оразасын тоқтатып, кейін тыйым салынған төрт күн өтісімен келген жерінен жалғастырып ұстап кете береді. Бұнымен қатар, сырқаттық, жолаушылық және хайыз секілді шариғатта ауыз ашуға рұқсат етілген үзірлер себепті де кәффарат оразасын үзген мұсылман, кәффаратын қайта басынан бастамай, тоқтаған жерінен жалғастырып ұстап кете береді.  

Ханафи мәзхабында тек хайыз себепті кәффарат оразасын үзген әйел кісі басынан бастамай, жалғастырып ұстауына құқылы. 

Абдусамат Қасым