Сыртқы жараға «Вишневский мазь» жақса оразаны бұза ма? Ол дәріні жағу шариғатта рұқсат етілген бе? Әрі дәрет алғанда дәрі таңылған жерді міндетті түрде жуу керек пе?
|
Жараға «вишневский мазь» жақсам оразаны бұза ма?
|
«Вишневский мазь» секілді сыртқы жараларға жағылған дәрілер оразаны бұзбайды. Оның теріге сіңіп, ет пен тері арасына енуі тұтқан оразаға кедергісі жоқ. Себебі, оразаны табиғи жолдармен (ауыз, мұрын, құлақ, тік ішек және қынап сынды) ішке түскен заттар бұзады.
Сондай-ақ, аталмыш дәріні жағуға рұқсат. Себебі оның құрамында антисептикалық[1] сарғыш ұнтақ (ксероформ), аққайын қарамайы (березовый деготь) және майсана майы секілді шариғатта «нәжіс» болып есептелмейтін заттар бар.
Ал дәретте дәрі таңылған жердің айналасын жуып, жараның бетін жара таңғыштың үстінен сипайды[2].
Өзекті сұрақтар
■
«Анасының маңдайынан сүйген бала тозаққа түспейді» деген хадис рас хадис па?
■
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?