Биылғы пітір садақасын ақпанның 28 күні беріппін, пітірім санала ма, әлде қайта беруім керек пе?
Биылғы пітір садақасын ақпанның 28 күні беріппін, пітірім санала ма, әлде қайта беруім керек пе?
17 күн бұрын 1926

Ассаләмуғалейкум!

Пітір садақасын ақпан айының 28 күні шам намазынан кейін (шам намазынан кейін рамазан айы кірді) беріп едім, бір кісі пітір садақасын рамазан айы кіргеннен кейін таң намазынан соң берілуі тиіс дейді. Енлі менің сұрағым, пітір садақасын қайта беруім шарт па, әлде сол берілген пітір жарайды ма? Алдын ала рахмет! Алла сіздерге разы болсын!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, пітір садақаңыз есептеледі, өйткені сіз Рамазан айы кірген сәтте беріп отырсыз. Ай күнтүзбесі бойынша, келесі күн алдыңғы күннің ақшамынан бастап кірген болып есептеледі. Сол себепті, биылғы Рамазан айы ақпанның 28 күні күн батысымен кіргендіктен, садақаңызды Рамазан айының бірінші күні берген болып отырсыз. Тіпті Ханафи мәзхабында пітір садақаны Рамазан айы кірмей берсе де есептеледі1. Сондықтан, Пітір садақаңыз есептеледі, қайта берудің қажеті жоқ.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


Имам Тахтауи: «Хашияту Тахтауи». Пітір садақа тарауы.

Абдусамат Қасым