Сәлеметсіз бе! Оразаларыңыз қабыл болсын. Ораза ұстап жүр едім. Күн ыстығына шыдай алмай талып қала беретінім бар. Сұрайын дегенім: егер талып қалып жатсам, сол күнімді айттан кейін қазасын өтеймін бе? Жұлдыз Ж.
|
Аузы берік кісі талып қалса, оразасы бұзыла ма?
|
Сәлеметсіз бе! Оразаға ниет етіп, ауыз бекіткен кісі талса және есін жию мақсатында еш нәрсе ішпесе оразасы бұзылмайды. Есін жинау мақсатында су ішкен жағдайда сол күнгі қазасын өтеу керек. Есінен айырылу да науқастың бір түрі болғандықтан, ол әрекеті үшін (су ішу) кәфәрат қажет емес. Ең дұрысы – Аллаға мәлім.
Өзекті сұрақтар
■
Шұлыққа мәсіх тартқан сәләфит жігітке намазда ұюға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?
■
Зүлқарнайын деген кім? Александр Македонский ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?