Аузы берік кісі талып қалса, оразасы бұзыла ма?
Аузы берік кісі талып қалса, оразасы бұзыла ма?
10 жыл бұрын 8309

Сәлеметсіз бе! Оразаларыңыз қабыл болсын. Ораза ұстап жүр едім. Күн ыстығына шыдай алмай талып қала беретінім бар. Сұрайын дегенім: егер талып қалып жатсам, сол күнімді айттан кейін қазасын өтеймін бе? Жұлдыз Ж.

Сәлеметсіз бе! Оразаға ниет етіп, ауыз бекіткен кісі талса және есін жию мақсатында еш нәрсе ішпесе оразасы бұзылмайды.  Есін жинау мақсатында су ішкен жағдайда сол күнгі қазасын өтеу керек. Есінен айырылу да науқастың бір түрі болғандықтан, ол әрекеті үшін (су ішу) кәфәрат қажет емес. Ең дұрысы – Аллаға мәлім. 

Абдусамат Қасым