Әйелдер «свеча» қолданса оразалары бұзыла ма?
Әйелдер «свеча» қолданса оразалары бұзыла ма?
7 жыл бұрын 12024

Сәлеметсіз бе! Әйелдердің емдік мақсатта қолданатын «свеча» деген (мед.суппозиторий) дәрілік заттар бар . Соны қолданар болсақ Ораза және ғұсыл бұзылады ма? Ж.Ш.

Ереже бойынша, аузы берік кезде табиғи жолдардың бірінен қандай да бір зат түбегейлі ішке еніп орнықса, ораза бұзылады[1]. Осыған сәйкес аталмыш медициналық препаратты күндіз, ауыз берік сәтте қолданатын болсаңыз, оразаңыз бұзылады деуге негіз бар[2]. Мұндай жағдайда сол күнді Рамазаннан кейін бір күн қаза етіп өтейсіз, кәффәрат қажет емес. Сондықтан да, мүмкін болса, әлгі препаратты қолдануды сәресіге немесе ауыз ашар уақытына қалдырғаныңыз жақсы.

«Медициналық свеча» ғұсылды керек етпейді.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім.

[1] Табиғи жолдар: ауыз; мұрын; құлақ; тік ішек; қынап.
[2] Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар – Бәбу мә иуфсидус саумә уә мә лә иуфсидуһу. 

Абдусамат Қасым