Әйел адам хайыз кезінде кәфәрат оразасын қалай өтейді?
Әйел адам хайыз кезінде кәфәрат оразасын қалай өтейді?
11 жыл бұрын 13830

Сәлеметсіз бе? Оразасын себептен себепсіз бұзғанға 60 күн үзбей кәфәрат оразасын өтеу керек. Сіздерден сұрайын дегенім, әйел баласы етеккір кезінде не істейді? Етеккір кезінде ораза ұстауға болмайды ғой? Б.

Сәлеметсіз бе! Рас айтасыз, рамазан кәфәратында үзбей 60 күн ораза ұстау керек. Егер ортасынан үзіп қойсаңыз, басынан бастауға тура келеді.

Ал әйел кісілерге кәфәрат қазасын өтеу барысында етеккірі келетін болса, оразасын доғарып,  хайызы тоқтағаннан кейін оразасын сол тоқтаған жерінен әрі қарай жалғасытырып кетеді. Мысалы, екі ай кәфәрат оразасының оныншы күнін ұстап, он бірінші күніне аяқ басқан әйелдің хайызы келсе, ол аузын ашады.  Хайызы тоқтаған соң кідірген жерінен ары қарай кәфәрат оразасын жалғастыра береді. 

Рамазан оразасының кәфараты дегеніміз – рамазан айында еш себепсіз аузын ашып жіберген (үзірсіз ішіп-жесе не жыныстық қатынасқа түссе) адамның осы күнәсін жуып-шаюы үшін ұстайтын оразасы. Оның жазасы екі ай бойы (60 күн) үзбей ораза ұстау. Ораза ұстауға күші жетпесе алпыс жоқ жітікті тамақтандырады.

Ал, қаза ораза деп – оразасын бір себептермен немесе абайсызда бұзып қойса (мысалы, дәрет алып жатып су жұтып қою, ауырып ауызын ашу, жолаушы кезде ұстамау т.б.) яки әдейі азық түлік қатарына жатпайтын заттарды жұтса (мысалы, топырақ, қамыр, сағыз, тас, т.б.)  рамазан айынан кейін сол күндердің ғана оразасын өтеуі. Қаза оразасында «қазасын үзбей өтеу керек» деген шарт қарастырылмаған. Яғни, бірнеше қазасы бар кісі бөліп, бөліп өтеуіне де болады. 

Абдусамат Қасым