Ұстаз, адам жыласа оразасы бұзыла ма?
|
Адам жыласа оразасы бұзыла ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы, құр ғана жылағаны үшін оразасы бұзылмайды, бірақ көзінен аққан жасы көп мөлшерде аузына кіріп жұтылса, оразасы бұзылады. Бұл жағдайды ескілікті ғалымдарымыз кітаптарында: «Егер ауыз қуысының бәрінде тұзды дәмі сезілетіндей көп мөлшерде көз жасы ауызға кіріп жұтылса, оразасы бұзылады» - деп түсіндірген[1]. Ал, бір-екі тамшы жас ауызға кірген болса, оразаға зияны жоқ[2].
Абдусамат Қасым
[1] وَإِنْ كَانَ كَثِيرًا حَتَّى وَجَدَ مُلُوحَتَهُ فِي جَمِيعِ فَمِهِ وَابْتَلَعَهُ فَسَدَ صَوْمُهُ
[2] Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\378 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?