Үтір уәжіп намазында қандай сүрелер оқылады? А. Оспанова.
Үтір уәжіп намазында қандай сүрелер оқыған жақсы?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Үтір уәжіп намазында мына сүрелерді оқу мұстахаб саналады:
1) Бірінші рәкәғатында «Фәтихадан» кейін «әл-Аълә» сүресін оқу.
2) Екінші рәкәғатында Фәтихадан кейін «әл-Кәфирун» сүресін оқу.
3) Үшінші рәкәғатында Фәтихадан кейін «Ықылас» сүресін оқу.
Бұған дәлел, сахаба Абдулла ибн Аббастан жеткен риуаятта былай делінген:
« عن ابن عباس: أنّ رسول الله صلى الله عليه وسلّم كان يوتر ب(سبّحِ اسم ربِك الأعلى) و (قل يا ايها الكافرون) و (قل هو الله أحد
«Шынында Алла расулі (с.а.у.) үтір намазын оқығанда: «Сәббихисмә раббикәл Аъләны», «Құл йә әйюһәл кәфирунды» және «Құл һуалланы» оқитын»1.
Дегенменде, аталмыш сүрелерді оқу шартты түрде емес, мұстахаб, сондықтан да, намаз оқушы кісі кез келген білетін сүресін оқи алады.
1 Ибн Мәжә, "Сүнән". №1171-хадис.